Қатардың Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды: Астана қаласы, 20 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қатардың Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды

Астана, 2024 жылғы 20 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қатар Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдулла Хусейн Джаберден сенім грамоталарының көшірмесін қабылдады.

Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, Қазақстан Президентінің биыл ақпан айында Қатарға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, сұхбаттастар екіжақты және көпжақты форматтарда, әсіресе БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК және ШЫҰ шеңберіндегі өзара тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайындықтарын білдірді.

Кездесу соңында Ә. Бақаев Елші А. Джабердің қызметіне сәттілік тілеп, оның Қазақстандағы жауапты миссиясы кезінде өзара жемісті қарым-қатынасқа үміт білдірді.

Өз кезегінде Қатар Елшісі жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті.

Ақпарат көзі: Министерство иностранных дел Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Астана, 2024 жылғы 20 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қатар Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдулла Хусейн Джаберден сенім грамоталарының көшірмесін қабылдады.

Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, Қазақстан Президентінің биыл ақпан айында Қатарға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, сұхбаттастар екіжақты және көпжақты форматтарда, әсіресе БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК және ШЫҰ шеңберіндегі өзара тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайындықтарын білдірді.

Кездесу соңында Ә. Бақаев Елші А. Джабердің қызметіне сәттілік тілеп, оның Қазақстандағы жауапты миссиясы кезінде өзара жемісті қарым-қатынасқа үміт білдірді.

Өз кезегінде Қатар Елшісі жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті.

Аймақтағы жаңалықтар

krmm.kz