СПЕКА-ның сауданы дамытудағы және орнықты экономикалық өсудегі рөлі
Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі халықаралық сауда және сауда рәсімдерін оңайлатуға жәрдемдесу мәселелері бойынша уәкілетті орган ретінде көлік дәліздерінің тиімділігін арттыру, саудадағы кедергілерді азайту және сауда байланыстарын дамыту үшін халықаралық ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Осы тұрғыда 2024 жылғы 26-28 қарашада Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан СПЕКА Экономикалық Форумы орнықты экономикалық өсімді қолдау мен өңірлік ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды рөл атқарады.
СПЕКА форумы Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуы мен әлемдік экономикаға ықпалдасуы мәселелерін талқылау үшін маңызды тұғырнама болып табылады. Форумның негізгі мақсаты 2030 жылға дейінгі орнықты даму саласындағы Күн тәртібін іске асыруды қолдау және «жасыл» экономика, энергетикалық тиімділікті арттыру және орнықты көлік желілерін дамыту саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін өңірлік бастамаларды ілгерілету болып табылады.
2024 жылғы СПЕКА экономикалық форумының мақсаттары:
СПЕКА аймағындағы «жасыл» дамуды қолдау үшін өңірлік ынтымақтастықты кеңейтудің әлеуетті мүмкіндіктерін талқылау. Мемлекеттік қызметшілері мен тиісті мүдделі тараптар арасында: әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік пен орнықтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге; орнықты экономикалық қайта құрулар мен «жасыл» дамуға жәрдемдесуге, сондай-ақ «жасыл» технологияларды дамытуға бағытталған саясат пен стратегиялар саласында білім және тәжірибе алмасу. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту және энергия тиімділігін арттыру, бұл сауда үшін жағдайларды жақсартуға және энергетика секторындағы шығындарды төмендетуге тікелей әсер етеді. СПЕКА-ға қатысушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы сауда ынтымақтастығын нығайту, бұл саудадағы кедергілерді азайтуға және өңірдегі бизнес-орта үшін жағдайларды жақсартуға ықпал етеді.Форумның маңызды аспектілерінің бірі 2030 жылға дейінгі орнықты даму саласындағы күн тәртібі және теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге арналған Вена іс-қимыл бағдарламасы сияқты халықаралық күн тәртібіне сәйкес келетін ұлттық даму стратегияларын әзірлеу мүмкіндіктерін талқылау болады. Бұл стратегиялар көлік ағындарын жақсартуға, олардың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға көмектеседі, бұл өңір елдерінің саудасы мен экономикалық интеграциясын дамытуға ықпал ететін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -