Атом өнеркәсібі қызметкерлері күнімен!
Құрметті әріптестер, сала ардагерлері және қымбатты достар!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атынан Атом саласы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің білімдеріңіз бен жоғары кәсіби біліктілігіңіз – еліміздің энергетикалық болашағының іргетасын қалауда.
Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында еліміздің атом саласы әлемдік аренада көш бастап келеді.
Бүгінде еліміз маңызды шешім қабылдаудың алдында тұр.
Қоғам мен энергетика саласы үшін өзекті тақырыптардың бірі – Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы алдағы референдум өткелі жатқаны белгілі.
Атом энергетикасы елімізді энергетикалық тәуелсіздік пен тұрақты дамудың жаңа деңгейіне шығаруға қабілетті прогрестің қуатты қозғалтқышына айналуы мүмкін.
Құрметті атом саласының қызметкерлері! Өлшеусіз еңбектеріңіз бен жаңашылдыққа ұмтылған қарымды қызметіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын.
Сіздерге зор денсаулық, амандық және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін! Барлық бастамаларыңыз табысты болып, Қазақстанның жарқын болашағына қосқан үлестеріңіз арта берсін!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -