Автокөліктің жалған нөмірлері: алдын алу және жауаптылық
03.11.2024ж. түнгі уақытта 20 жастағы астаналық жалға алған жеңіл автокөлікке көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірді салып басқарып, жол жүру ережесін (әрі қарай – ЖЖЕ) бұзған.
Соттың 08.11.2024ж. қаулысымен көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмерлік белгісі бар көлік құралын басқарғаны үшін ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 590-бабының 4-бөлігімен көлік құралдарын басқару құқығынан 1 жыл мерзімге айырыла отырып, 5 тәулікке қамаққа алынды.
Бұдан басқа, ЖЖЕ бұзғаны үшін айыппұл салынды.
Елорда прокуратурасы көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiк құралын басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан бір жылға дейін айыра отырып, 5 тәулікке дейін қамаққа алу түріндегі жазаға әкеп соғатынын ескертеді.
Прокуратура города Астаны
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -