Қазақстан БҰҰ-ның Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясында Орталық Азия елдерінің мүддесін білдіретін болады
COP16 конференциясына дайындық шеңберінде Біріккен Ұлттар Ұйымының шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Конвенциясында Орталық Азия елдерінің мүдделерін білдіру стратегиясы бекітілді. Конференция ағымдағы жылдың желтоқсан айында Сауд Арабиясы Корольдігінде өтеді.
Эр-Риядта өткен іс-шараға ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов қатысты.
Кездесуде Азия-Тынық мұхиты аймағына баса назар аудара отырып, Жер ресурстарын басқару және шөлейттенуге қарсы күреске қатысты негізгі мәселелер талқыланды.
Іс-шараға қатысушылар СОР 16-ға табысты қатысу үшін өңірдің ұстанымдары мен проблемаларын келісудің маңыздылығын атап өтті.
Осы жауапты рөлге ие болған Қазақстан алдыңғы кездесулерде әзірленген басым бастамалар мен ортақ ұстанымдарды қоса алғанда, Орталық Азия елдерінің ортақ мүддесін білдіретін болады. COP16 шеңберінде тиімді шешімдерді анықтау және іске асыру мақсатында жерді тұрақты басқару мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -