Қазақстан COP29-та азық түлік жүйелерін тұрақты трансформациялауға жол көрсетуде
29-шы БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі Рамалық конвенциясы тараптарының конференциясында (COP29) 2024 жылғы 19 қарашада БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Азық-түлік жүйелерінің трансформациясы мен климатқа қатысты іс-шараларды біріктіру жобасы: Қазақстанның тәжірибесі» тақырыбында параллельді іс-шара өткізді. Бұл шара Қазақстанның климаттық бастамаларды біріктіру мен азық-түлік жүйелерін трансформациялау бойынша тәжірибесімен бөлісу үшін маңызды алаң болды. Қазақстан мен Орталық Азия тұрақты ауыл шаруашылығы саласында елеулі сын-қатерлерге тап болып отыр: судың жетіспеушілігі, жердің тозуы және климаттың өзгеруінің салдары азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы жүйелерінің тұрақтылығына қауіп төндіреді. Ирригациялық жүйелердегі шығындар 40%-ға жететін, ал деградация егістік жерлердің 44% әсер етеді, осы ретте Қазақстанда ресурстарды тұрақты басқару және фермерлерді қолдау мәселелері ерекше маңызға ие болып отыр.
Нидерланды үкіметі мен БҰҰ азық-түлік жүйелерін үйлестіру орталығы қолдаған конвергенция бастамасы бойынша ұлттық пилоттық жоба шеңберінде Қазақстан азық-түлік жүйелері мен климат саласындағы іс-қимылдарды трансформациялауды біріктіру жөніндегі бағдарлама іске қосылған алғашқы ел болды. Қазан айында өткен семинарда Қазақстан Үкіметінің, ғылымының және азаматтық қоғамының өкілдері тұрақты даму мақсаттары мен Париж келісімінің міндеттемелеріне қол жеткізу үшін тұрақты агроазық-түлік жүйелері мен синергетикалық іс-қимылдарды құру жөніндегі бірлескен іс-шараларды талқылады.
Іс-шарада Қазақстандағы ұлттық бастаушы семинардың жетістіктері, соның ішінде жақындастыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын (CAB) әзірлеу және азық-түлік жүйелерін трансформациялауды климаттық бастамалармен келісу тәсілдері ұсынылды. Қазақстан азық-түлік және климаттық бастамалар Париж келісімінің орнықты даму мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге ықпал ету үшін синергетикалық тәсілді қолданады. Басқа өңірлерде ұқсас бағдарламаларды құру үшін еларалық оқытуға жәрдемдесу үшін Қазақстанның халықаралық қоғамдастықпен ары қарайғы қадамдары мен тәжірибесі туралы хабардар етіледі.
БҰҰ-ның Азық-түлік жүйелері жөніндегі үйлестіру орталығының директоры Стефанос Фотиу келісілген іс-қимыл бағдарламасы (CAB) Қазақстанның ұлттық және өңірлік қажеттіліктеріне тікелей жауап бере отырып, азық-түлік жүйелері мен климаттық іс-қимылдардың трансформациясын үйлестіру үшін маңызды негіз болып табылатынын атап өтті. Іс-шараларды үйлестіре отырып, CAB климаттың өзгеруін, су тапшылығын және жердің деградациясын ескеретін және бейімдейтін тұрақты дамуға жағдай жасайды, бұл әсіресе Орталық Азия үшін маңызды.
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев және Қазақстанның БҰҰ КӨНК жөніндегі үйлестірушісі Қазақстан Азық-түлік жүйелері мен климаттық іс-қимылдарды келісу жөніндегі бастаманы енгізген алғашқы ел бола отырып, экологиялық және азық-түлік проблемаларын шешуге стратегиялық көзқарастың үлгісін көрсетіп отырғанын айтты. Бұл тәжірибе Орталық Азиядағы неғұрлым тұрақты агроазық-түлік жүйелеріне жол ашады және орнықты дамудың жаһандық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді.Агроазық-түлік нарықтары және агроөнеркәсіптік өңдеу департаментінің директоры, сондай-ақ Қазақстанның азық-түлік жүйелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Назгүл Хатепова өз кезегінде ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасы үшін шешуші мәнге ие екенін және келісілген іс-қимыл бағдарламасы су ресурстарын тиімсіз басқару және азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жердің тозуы проблемаларын шешуге бағытталғанын атап өтті. Суару жүйелерін жаңарту және топырақты өңдеудің тұрақты әдістерін ілгерілету құрғақшылық пен төтенше ауа райы оқиғалары сияқты климаттық тәуекелдерге төзімділікті арттыра отырып, тұрақты агроөндірістік нәтижені қамтамасыз етуге көмектеседі.
Бұл іс-шара Орталық Азияда және одан тыс жерлерде тұрақтылық пен экологиялық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған азық-түлік бағдарламаларымен климаттық саясаттың неғұрлым тығыз өзара іс-қимылы мен интеграциясына қадам болуға тиіс.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -