Қазақстан Елшісі Израиль Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Тель-Авив, 2024 жылғы 11 шілде – Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Израиль Мемлекетінің Президенті Ицхак Герцогқа сенім грамоталарын тапсырды.
Президент И. Герцогпен болған сұхбат барысында өзара қызығушылық тудыратын салалардағы Қазақстан-Израиль ынтымақтастығын дамыту перспективалары, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Елші Израиль Президентіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар жөнінде баяндады.
Израиль Президенті Қазақстанмен жан-жақты әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделілігін растады.
Кездесу соңында Президент И. Герцог қазақстандық дипломатқа жауапты қызметінде табыс тіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -