Қазақстан Елшісі Оман Сұлтанына сенім грамоталарын табыстады
Масқат, 2024 жылғы 14 қараша – Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматов Оман Сұлтаны Хайсам бин Тариққа сенім грамоталарын табыстады.
Қабылдау барысында Қазақстан мен Оман арасындағы байланыстарды әрі қарай нығайту мәселелері талқыланды. Тараптар сауда-экономикалық саласындағы ынтымақтастықты арттыру, атап айтқанда Қазақстан өнімдерін Парсы Шығанағы елдеріне және басқа өңірлерге жеткізу мақсатында Оманның транзиттік-көліктік әлеуетін барынша тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлді.
А. Тұматов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оман Сұлтанына Қазақстанға өзіне ыңғайлы уақытта келуге шақыруын тағы да қуаттады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -