Қазақстан халықаралық қауіпсіздік архитектурасын нығайтуда: БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан ұсынған үш резолюцияны бекітті: Астана қаласы, 04 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстан халықаралық қауіпсіздік архитектурасын нығайтуда: БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан ұсынған үш резолюцияны бекітті

Нью-Йорк, 2024 жылғы 2 желтоқсан – Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан бастамашы болған ғаламдық қауіпсіздікті нығайтуға, қарусыздануға және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпауға бағытталған үш резолюцияны бекітті.

Қазақстан БҰҰ-ны баламасыз және әмбебап халықаралық құрылым ретінде қарастырып, жаппай қырып-жоятын қарудың барлық түрлеріне тыйым салу мәселелері бойынша түбегейлі ұстанымдарын сақтай отырып, мультилатерализмге және БҰҰ институттарымен тығыз ынтымақтастыққа деген бейілділігін тағы да растады. Тұңғыш рет БҰҰ-ның Бірінші комитетінде қарастырылған үш қазақстандық резолюция қатарынан Бас Ассамблеяның қарауына ұсынылып, БҰҰ-ға мүше мемлекеттер тарапынан қолдау тапты.

БҰҰ Бас Ассамблеясы «Бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қарулар жасауға, өндіруге және оның қорларын шоғырландыруға тыйым салу және оларды жою туралы конвенцияны нығайту және институционализациялау» резолюциясын бірауыздан қабылдады. Резолюция Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясы барысында ұсынған бастамасын жалғастырып, Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру мүмкіндігін жан-жақты қарастыруға шақырады. Құжатты Орталық Азияның барлық елдерін қоса алғанда, он бес мемлекет тең автор ретінде қолдады.

«Ядролық қару мұрасының мәселесін шешу: ядролық қаруды қолданудан немесе сынақтан зардап шеккендерге және мүше мемлекеттер үшін қоршаған ортаны қалпына келтіруге көмек көрсету» резолюциясы Қазақстан мен Кирибати бастамасымен ұсынылған және ядролық қаруды қолдану немесе сынақтардан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету үшін күш-жігерді біріктірудің қажеттілігі туралы әлемдік қауымдастыққа маңызды белгі болды. Ядролық сынақтардың зардабын бастан өткерген Қазақстан ядролық қауіп-қатерді жою және зардап шеккен өңірлердің экожүйелерін қалпына келтіру жолында дәйекті түрде күш салуда.

Оған қоса «Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация» резолюциясы қайта қабылданды. Алғаш рет 2015 жылы қабылданған бұл резолюция халықаралық қауымдастықтың ғаламдық ядролық қарусыздануға деген міндеттемесін атап көрсетіп, ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізуге бағытталған халықаралық күш-жігерді біріктіреді.

Қазақстанның бастамалары оның сенімді «орта держава» ретіндегі мәртебесін, халықаралық қауіпсіздік жүйесіндегі жауапты қатысушы және дамушы елдердің мүдделерін ілгерілетудегі көшбасшы ретіндегі рөлін растайды. Қазақстан ұлттық, өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ете отырып, қазіргі заманғы халықаралық мәселелерге тиімді шешімдер ұсынуды жалғастырады.

Ақпарат көзі: Министерство иностранных дел Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар