Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Қытайдан келген серіктестермен қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселелерін пысықтауда: Астана қаласы, 04 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Қытайдан келген серіктестермен қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселелерін пысықтауда

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі делегациясының ҚХР-на ресми сапары аясында стратегиялық қытайлық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісті.

Атап айтқанда, кездесу барысында Мароккоға 500 мың тонна көлемінде бидай экспорттау мүмкіндігі талқыланды. Сондай-ақ, тараптар көңді қайта өңдеу (микробтарды пайдалану, тұздылықты төмендету) жобасын іске асыру мүмкіндігін талқылады.

«Beijing Xiong Ta Animal Husbandry» өкілдерімен кездесуде ҚХР-нан сүтті ІҚМ импорттау мүмкіндіктері талқыланды. Компания сонымен қатар сүт фермасын (кластер) салуға ниет білдірді.

«CITIC Construction» астықты терең өңдеу және рапсты қайта өңдеу жөніндегі жобаны іске асыру туралы хабардар етті. Сондай-ақ компанияға қант қызылшасын өңдеу жобасын іске асыру ұсынылды. Компания қызығушылық танытып, қосымша консультациялар туралы хабарлады.

Бірлескен жұмысты жалғастыру мақсатында Тараптар ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен меморандумға қол қойды.

Қытайдың ірі агроөнеркәсіптік кәсіпорындарының қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында Рустам Жанатаев әлеуетті инвесторларға Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы форвардтық қаржыландыру бағдарламасына қатысуды ұсынды.

«Қазақстандық фермерлерді ұлттық астық операторының кепілдігімен аванстау астық пен майлы дақылдарды белгіленген мерзімде және белгіленген бағамен жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді ол.

Осыған ұқсас тәжірибені қазақстандық жасымық импортына мүдделі түрік компаниялары сынап көрді.

Сондай-ақ, екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша азық-түлік корпорациясы мен қытайлық Jiangsu SOHO HoldingsGroup 200 мың тоннаға дейінгі көлемде қазақстандық жемдік арпаны жеткізуге келісімшартқа қол қойды.

«Азық - түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-мемлекеттік астық операторы. Азық-түлік қауіпсіздігін және астықтың ішкі нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз етеді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық қолдау көрсетеді, сондай-ақ астықты экспортқа жеткізумен айналысады.

Ақпарат көзі: Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар