Қазақстан мен Литва тығыз кооперация бағытын растайды
Клайпеда, 2024 жылғы 20 маусым – Қазақстан мен Литваның сыртқы саяси ведомстволарының делегациялары екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ағымдағы жағдайы бойынша сағаттарын теңестіріп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бейілдігін растай отырып, саяси консультациялардың 10-шы раундын өткізді.
Қазақстан делегациясына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, ал литвалық делегацияға Литва Сыртқы істер Вице-министрі Йонас Сурвила жетекшілік етті.
Консультациялар шеңберінде сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті арттыру, көлік энергетика және инфрақұрылым саласындағы перспективалық жобаларды іске асыру, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны жетілдіру жолдары қаралды.
Сұхбаттасушылар ү.ж. 29 ақпанда өткен Қазақстан-Литва сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 14-ші отырысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығы атап өтті.
Тараптар Астана мен Вильнюс арасында тұрақты саяси диалог қалыптасқанын және түрлі халықаралық платформаларда тараптардың ұлттық мүдделеріне сай келетін бастамаларына өзара қолдау көрсетілетінін растады.
«Дөңгелек үстел» отырыстары, брифингтер мен мәдени іс-шаралар арқылы депутаттар арасындағы байланысты кеңейтуге ықпал ететін «Қазақстан-Литва» парламентаралық достық тобының нәтижелі жұмысы ерекше атап өтілді.
Сапар барысында Р. Василенко сондай-ақ Клайпеда қаласының мэрі Арвидас Вайткуспен және Клайпеда теңіз портының Бас директоры Алшис Латакаспен кездесулер өткізіп, келіссөздер барысында көлік және логистика саласындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті: «ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың ағымдағы жылдың мамыр айында Литваға сапары, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде ынтымақтастықты дамыту жөніндегі меморандумға қол қою осы саланың дамуына елеулі серпін беріп, логистикалық тізбектерді оңтайландыру үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады».
Жалпы, Қазақстан-Литва келіссөздері екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тараптардың өзара мүдделілігін растады.
Қазақстан мен Литва арасындағы өзара сауда көлемі 2023 жылы 223,6 млн АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт – 92,9 млн долл., импорт – 130,7 млн долл.
2005 жылдан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстанға Литвадан 95 млн долл. тікелей инвестиция салынды.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда Литва капиталының қатысуымен 190 жуық кәсіпорын қызмет етеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -