Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы
Астана, 2024 жылғы 29 шілде – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында министрлер екіжақты ынтымақтастықты дамытудың ағымдағы мәселелерін, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.
Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды.
Бұдан басқа аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар мен сапарлар кестесі бойынша, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 6-шы консультативтік кездесуіне дайындық мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -