Қазақстан мен Тәжікстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы
Астана, 2024 жылғы 29 шілде – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен телефон арқылы сөйлесті.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Бұдан басқа, аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар мен сапарлар кестесі бойынша, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 6-шы консультативтік кездесуіне дайындық мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Тараптар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңестірді».
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -