Қазақстан «Нұр Жолы» автоөткелі арқылы өтетін ірі көлемді жүктерді арттыруды қолға алды: Астана қаласы, 09 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстан «Нұр Жолы» автоөткелі арқылы өтетін ірі көлемді жүктерді арттыруды қолға алды

Мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті шекаралық өткізу пункттерінде жүк ағынын арттырып, логистикалық инфрақұрылымды жақсарту мен кеден рәсімдерін жеделдету бойынша ауқымды жұмысты жүргізіп келеді.

Еліміздің транзиттік әлеуеті уақыт санап нығайып келе жатқандықтан құзырлы орган Қазақстан-Қытай шекарасында көлік және кеден инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмысты күшейте түсті.

Айталық, «Нұр Жолы» автомобиль өткізу пунктінен 5 шақырым жерде шағын көлемді жүктерді таситын автокөліктерге арналған тұрақ (уақытша сақтау қоймасы) салынды. Аталған нысан жүктерді жедел рәсімдеп, бақылау процесін оңтайлы жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұл жобаны Nur Zholy Customs Service компаниясы (оның құрылтайшысы Мемлекеттік кірістер комитеті болып саналады) жеке инвестициялардың есебінен іске асырғанын айта кетейік. Мұның нәтижесінде «Нұр Жолы» өткізу пункті арқылы тәулігіне оннан отызға дейін шағын көлемді жүк таситын көліктер жүретін болады. Алғашқы кезеңде осы нысанды салуға инвестор шамамен 900 млн-нан аса қаражатты жұмсаған-ды.

Терминал барлық қажетті құрал-жабдық және инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, тың үлгідегі бейнебақылау және өрт сөндіру жүйелері, сондай-ақ арнайы стационарлы таразы қызметкерлердің жұмысын жеңілдетіп, қызмет көрсету сапасын арттыра түспек. Бұған қоса осы амал ірі көлемді жүктердің де ағынын ұлғайтуға оң әсер ететінін айта кеткен орынды. Бұл өз кезегінде логистикалық инфрақұрылымды жақсартып, көлік қатынасын жеделдетуге ықпал етеді.

Аталған жұмысты қолға алуға «Нұр Жолы» автоөткеліндегі жүк тасымалының бірнеше есеге ұлғаюы және шағын көлемді жүктерге арналған қажетті инфрақұрылымның жоқтығы әсер еткенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ бұған дейін осы пунктте арнайы рұқсатты алу мен Қазақстанда кеден рәсімінен өту қиын болып, автокөліктер ұзақ уақыт тұрақтап қалатын. Енді замануи тұрғыда жарақталған нысан қойма шаруашылығы, халықаралық және жергілікті логистика саласында Қазақстанның бәсекеге қабілетті қызмет көрсету сапасын жақсартуға жол ашады.

Жобаның негізгі идеясы – жоғары сапалы қызмет көрсету ісін жолға қою. Таяу уақытта осы маңнан жол бойындағы инфрақұрылым (тамақтану нысандары, мотельдер, әкімшілік ғимараттары бар TIR parking) реттелетін болады. Тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында Жетісу облысының МКД «Нұр Жолы» кеден бекетінің көліктік бақылау қызметкерлерін қойма аумағында орналастыру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек кедендік бақылаудың техникалық құралдарын (салмақ-габаритті жабдықтарды) қолдана отырып, автомобиль құралдары көлік бақылау жүргізілетін орындарға келгеннен кейін арнайы рұқсат беруді қарастыратын (әкімшілік жауапқа тартуды болдырмайтын) қанатқақты жоба пысықталып, талқыланып жатыр.

Сонымен қатар биыл наурызда «Қалжат» (Қазақстан-Қытай шекарасы) кеден бекетінде жаңғырту жұмыстары қолға алынғандықтан инвесторлар шағын көлемді жүк көліктері үшін уақытша айналма жол салған болатын. Ол нарықтың барлық қатысушысына ашық.

Осы орайда уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы өтетін жүк ағынын арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырып, қарқындатып жатқанын айта кету керек.

Ақпарат көзі: Министерство финансов Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар