Қазақстан құрамасы Халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадаға (IJSO) қатысады: Астана қаласы, 04 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадаға (IJSO) қатысады

Қазақстанның құрама командасы 2-12 желтоқсан аралығында Бухарестте (Румыния) өтетін жасөспірімдер арасындағы XXI халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадаға (IJSO) қатысады. Аталған беделді білім беру сайысында әлемнің 60 елінен 360-тан астам оқушы өзара білім бәсекесіне түседі.  Қазақстан командасының құрамы: • Әділ Жиенбаев - Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы (Алматы қ.); • Мұнар Сағымбай - Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы (Алматы қ.); • Айзере Жеңісханова - химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы (Өскемен қ.); • Абдижан Ибраимов - «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы (Астана қ.); • Әлихан Іскендір - «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған облыстық лицей-интернатының 9-сынып оқушысы (Ақтөбе облысы); •Анастасия Пономарева - Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы (Астана қ.). Команда жетекшілері: • Самат Мұратбекұлы Максутов - PhD докторы, SDU доценті; • Айдос Бекзатұлы Сәрсенбай - Ш.Есенова атындағы Каспий технология және инжиниринг университетінің студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы; • Мұхаммедали Ғаниұлы - SDU студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы. Анықтама үшін: IJSO - 2004 жылдан бері өткізіліп келе жатқан 15 жасқа дейінгі оқушыларға арналған халықаралық ғылыми жарыс. Қатысушылар физика, химия және биология бағыттары бойынша білімдерін сынайды. 2023 жылы Бангкок олимпиадасында қазақстандық команданың барлық алты қатысушысы жүлдегер атанды. Биылғы жылы оқушылар Астанада екі апталық оқу-жаттығудан өтті. Қазақстан құрамасына сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі: Министерство образования и науки Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Қазақстанның құрама командасы 2-12 желтоқсан аралығында Бухарестте (Румыния) өтетін жасөспірімдер арасындағы XXI халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадаға (IJSO) қатысады. Аталған беделді білім беру сайысында әлемнің 60 елінен 360-тан астам оқушы өзара білім бәсекесіне түседі.  Қазақстан командасының құрамы: • Әділ Жиенбаев - Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы (Алматы қ.); • Мұнар Сағымбай - Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы (Алматы қ.); • Айзере Жеңісханова - химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы (Өскемен қ.); • Абдижан Ибраимов - «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы (Астана қ.); • Әлихан Іскендір - «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған облыстық лицей-интернатының 9-сынып оқушысы (Ақтөбе облысы); •Анастасия Пономарева - Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы (Астана қ.). Команда жетекшілері: • Самат Мұратбекұлы Максутов - PhD докторы, SDU доценті; • Айдос Бекзатұлы Сәрсенбай - Ш.Есенова атындағы Каспий технология және инжиниринг университетінің студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы; • Мұхаммедали Ғаниұлы - SDU студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы. Анықтама үшін: IJSO - 2004 жылдан бері өткізіліп келе жатқан 15 жасқа дейінгі оқушыларға арналған халықаралық ғылыми жарыс. Қатысушылар физика, химия және биология бағыттары бойынша білімдерін сынайды. 2023 жылы Бангкок олимпиадасында қазақстандық команданың барлық алты қатысушысы жүлдегер атанды. Биылғы жылы оқушылар Астанада екі апталық оқу-жаттығудан өтті. Қазақстан құрамасына сәттілік тілейміз!

Аймақтағы жаңалықтар