Қазақстан Республикасының Әділет министрі Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Бас хатшысымен кездесу өткізді
2024 жылдың 21 қазанында ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Бас хатшысы Кристоф Бернасконимен кездесті.
Азамат Есқараев министрліктің қызмет бағыттарымен таныстыра келе Қазақстан мен Халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциясы арасындағы жемісті ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
2017 жылдан бастап Қазақстан Гаага конференциясының тұрақты қатысушысы. Сол жылдан бастап Қазақстан Гаага конференциясының Хартиясын ратификациялады және аталған жылдың 14 маусымда Қазақстанның Гаага конференциясына қосылу рәсімі өтіп, 83-ші мүшесі болды. Әділет министрлігі Қазақстанның Гаага конференциясымен өзара іс-қимыл жөніндегі ұлттық органы болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Гаага конференциясының 8 конвенциясын және 2007 жылғы 23 қарашадағы Алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы хаттаманы ратификациялады. Бұл біздің азаматтарымыздың шетелде құқықтарын тиімдірек қорғауға мүмкіндік береді.
Қазақстан мен Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясы арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына құжаттарды тануды жеңілдету, халықаралық бала асырап алу, балалардың заңсыз қозғалысына қарсы күрес және халықаралық құқықтық ынтымақтастық жатады.
Кездесу қорытындысы бойынша Гаага конференциялары аясында одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -