Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды
Барлығы: 134 бос орын.
облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқалары төрағаларының бос орындары – 5;облыстық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындары – 11;аудандық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындары – 118.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Коституциялық заң) талаптарына сәйкес келетін азаматтарға конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі:- облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқаларының төрағалары үшін – 30-бабының 4-тармағы;- облыстық және оған теңестiрiлген соттардың судьялар үшін – 29-бабының 4-тармағы;- аудандық және оған теңестiрiлген соттардың судьялар үшін – 29-бабының 1-тармағы.
Конституциялық заңның мәтіні: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z000000132
Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар тізбесі:
1) Судья лауазымына алғаш рет және қайта түсетін адамдар үшін ( өту);2) Жұмыс істейтін судьялар үшін ( өту)
Құжаттарды тапсыру кезінде кандидаттардың құжаттарының электрондық көшірмелерін (енгізілетін құжаттардың сканерленген нұсқалары) электрондық жеткізгіште (диск, флеш-карта) қоса беру қажет.
Барлық ұсынылған құжаттарда өзекті ақпарат болуы тиіс, қолы және жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – тіркеу нөмірі және күні болуы тиіс. Құжаттарда кандидатқа қатысты өзекті мәліметтер қамтылуы тиіс.
Құжаттар тиісінше немесе толық рәсімделмеген жағдайда кері қайтарылады.
Егер конкурсқа қатысушылардың мәліметтері олар құжаттарды тапсырғаннан кейін өзгерсе, онда олар 1 күн ішінде Кеңестің аппаратына жаңартылған ақпаратты (жазаға тартылуы, лауазымының өзгеруі, өзінің немесе жақын туысқандарының қылмыстық жауаптылыққа тартылуы және т.б.) ұсынуы тиіс.
Конституциялық заңның 29-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес атқарып отырған лауазымында екі жылдан аз жұмыс істеген судьяның бос судьялық лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысуына жол берілмейді.
Атқарып отырған лауазымында екі жылдан аз уақыт жұмыс істеген судьяның конкурсқа қатысуына жол берілмеу туралы талап мынадай судьяларға қолданылмайды:1) шалғай жерде орналасқан соттарда судья лауазымына орналасуға ниет білдірген судьялар;2) тұрғылықты жерін ауыстыруды талап ететін ауруының болуы туралы медициналық қорытындысы бар судьялар;3) бұрын соттың қайта ұйымдастырылуына және таратылуына, соттар судьяларының штат санының азайтылуына байланысты судья лауазымына конкурссыз тағайындалған судьялар.
Сонымен қатар, Конституциялық заңның 29-бабының 8-тармағына сәйкес судьялыққа кандидаттар тағылымдамадан Жоғары Сот Кеңесінің судьяның бос лауазымына тағайындау туралы ұсынымын алғаннан кейін өте алады.
Шалғай жерлер де орналасқан соттардың тізбесі .
Құжаттарды ұсыну мерзімдері
Құжаттар 2024 жылғы 26 тамызды қоса алғанда келесі мекен-жайға тапсырылуы тиіс: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Жоғары Сот Кеңесі.
Қосымша мәліметтер
Конкурстың қорытындылары туралы ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастырылады (www.vss.gov.kz).Анықтама алу үшін байланыс телефондары: 8(7172) 75-03-09,
74-91-03,
74-95-42, 74-96-47.WhatsApp и Telegram нөмірі 8 777 031 68 91.Бос орындар тізімі сілтеме бойынша (өту).
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -