Қазақстан СІМ басшысының Ресей елшісімен кездесуі туралы
Астана, 2024 жылғы 16 тамыз – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы сапарлардың кестесі талқыланды.
Өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілері, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара ықпалдастық бойынша пікір алмасылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -