Қазақстан СІМ-де Еуропа Парламентінің делегациясын қабылдады
Астана, 2024 жылғы 31 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Еуропалық Парламентінің Орталық Азия және Моңғолиямен байланыс жөніндегі делегациясының төрағасы Джузеппина Принчимен кездесу өткізді.
Саяси байланыстардың жоғары динамикасын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің нәтижелі жұмысын атап өтіп, тараптар қазақ-еуропалық серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара ұмтылыстарын білдірді.
Министрдің орынбасары өзара қызығушылық тудыратын мәселелер, оның ішінде жасыл энергетика, сирек жер минералдары және көліктік өзара байланыстылық мәселелері бойынша ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар ҚР азаматтары үшін ЕО визалық талаптарын жеңілдету мәселесіне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар сұхбат барысында ҚР әділет, мәдениет және ақпарат министрліктерінің өкілдері еуропалық депутаттарға Қазақстан Үкіметінің адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы шаралары туралы айтып берді.
Кездесу соңында Ә. Бақаев Еуропалық Парламент делегациясына нәтижелі сапар тілеп, практикалық нәтижелерге тезірек қол жеткізуге үміт білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -