Қазақстан СІМ-де жастар жобаларын ілгерілету мәселелері талқыланды
Астана, 2024 жылғы 25 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев «Жастар ассамблеясы» РҚБ өкілдерімен жұмыс кездесуді өткізді.
Кездесу барысында ҚР СІМ мен «Жастар ассамблеясы» РҚБ арасында жастар жобаларын ілгерілету бойынша өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ қазақстандық жастар үшін жаңа мүмкіндіктер - түрлі халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ЮНЕСКО, ЭКОСОС, ШЫҰ және т.б. ұйымдардың білім беру, гуманитарлық және әлеуметтік жұмыстарына қатысу мәселелері талқыланды.
Аталған кездесу Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жастар жобалары мен бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге қатысты берген тапсырмасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -