Қазақстан ТЖМ жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуде
2025 жылғы 17 наурызда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Спикер болып ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының міндетін атқарушы Төрегелдиев Ерлан Аблайұлы сөз сөйледі, ол атқарылған жұмыстар, тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алудың заманауи әдістері мен статистикасы туралы айтты.
Қазақстан ТЖМ белсенді профилактикалық жұмысты жалғастыруда, әсіресе қысқы кезеңде, жылыту аспаптарын пайдалану өскен кезде өрт қаупі де артады. Өрттің негізгі себептері- пештің ақаулығы, жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланбау және электр желілерінің шамадан тыс жүктелуі.
2025 жылдың басынан бері еліміздің тұрғын үй секторында 1 138 өрт болып, 313 адам құтқарылды. Алайда қайғылы оқиғалар да болды, 52 адам, оның ішінде 6 бала қайтыс болды, тағы 50 адам, оның ішінде 8 бала жарақат алды.
«Иісті газбен уланудың алдын алуға ерекше назар аударылады. 2024 жылғы бірінші 1 маусымнан бастап осы санаттағы үйлерде 33 мыңнан астам өрт датчигі орнатылды, жалпы алғанда, соңғы бес жылда – 228 мың датчик орнатылды. Датчиктерді орнатқан уақыттан бастап, улы газ бөлінген 55 жағдай тіркеліп, соның арқасында 248 адамның өмірін сақтап қалдық», - деп Ерлан Төрегелдиев атап өтті.
Брифинг барысында спикер адам өлімінің статистикасы мен мысалдарын келтірді. Жыл басынан бері тұрғын үй секторында 1138 өрт шықты, 313 адам құтқарылды, 52 адам қаза тапты, 6 бала , 50 адам жарақат алды, оның 8 бала. Жылу беру кезеңі – бұл өрт қаупі жоғары болатын уақыт.
ТЖМ халықты ақпараттандырудың жаңа тәсілдерін енгізуде. Мәселен маңызды ақпарат жазылған QR кодтар, LED экрандары және ата-аналар чаттар белсенді пайдаланылады. Олар тәуекелдер туралы ескертулерді лезде таратуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа «Өрттен сақтан», «Қауіпсіз пеш» акцияларда халықтың әлеуметтік осал топтағы 105 мың үй қамтылды, ал 300 мыңға жуық адамға нұсқау берілді.
Қазақстан ТЖМ барлық азаматтарды жылу беру кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:
Газ баллондары мен жанғыш материалдарды жылыту құралдарына жақын қоймаңыздар.
Пешті қатты қыздырмай, мұржаларды жиі тазалаңыздар.
Кішкентай балалардың отпен ойнауына жол бермеңіздер.
Кішкентай балаларды үйде қараусыз қалдырмаңыздар.
Электр құралдарының жарамды болуын қадағалаңыздар.
Тек жұмыс істейтін жылыту және электр жабдықтарын пайдаланыңыздар.
Бір мезгілде жоғары қуатты бірнеше құралды қоспаңыздар, электр желілерін жүктемеңіздер.
Мұржаларды кемінде үш айда бір рет күйеден тазалаңыздар.
ТЖМ азаматтарды өрттен қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды жалғастыруда, қауіпсіздік – бұл ортақ мәселе екенін еске салады!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -