Қазақстанда 42,5 млн. тоннадан астам жем дайындалды
Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жем-шөп өндірісін дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Жем-шөп дақылдары үшін суармалы жерлердің алаңдарын кеңейту, жем-шөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында ведомство жем-шөп өндірісін дамытудың Жол картасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде.
Ағымдағы жылы өңірлердің деректері бойынша жем-шөп дақылдарының егістік алқаптары 3,2млн. гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жем-шөп үлесі шамамен 14%– құрады (2023 жылы-13%).24,5 млн. тонна шөп (бір жарым жылдық – 36,7 млн. тонна), пішен - 1,7 млн. тонна, сабан – 4,6 млн. тонна, концкорм – 5,5 млн. тонна және сүрлем – 2,0 млн. тонна дайындау жоспарланған.
Ағымдағы жылдың 4 қазандағы жағдай бойынша 32,5 млн. тонна көлемінде шөп немесе бір жарым жылдық жоспардан 88,5%, 1,8 млн. тонна пішен немесе жылдық жоспардан 110,2%, 2,7 млн. тонна құрама жем(49,6%), 1,8 млн. тонна сүрлем (92,9%) және 3,7млн. тонна сабан дайындалды (80,8%).
Жалпы, Қазақстанда жем-шөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжануда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -