Діни экстремизм және терроризм идеологиясының алдын алу – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі
Шымкент қаласы дін істері басқармасына қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен қалалық №97, №100 жалпы орта мектептерінің оқушыларымен және «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығының қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
150 ден аса оқушылар мен қызметкерлерді қамтыған кездесуде қазіргі таңдағы өзекті болып жатқан діни экстремизм мен терроризм мәселесі жайлы сөз өрбіді.
Орталықтың теолог маманы Н.Аманкелді радикалды ағымдардың қоғам ішіндегі тұрақтылықты бұзып, ішкі және сыртқы ортаға өз қауіптерін тигізіп жатқаны туралы кеңінен ақпарат берілді.
Спикерлер халыққа жат идеологияның өкілдері ғаламтор арқылы азаматтарды өздеріне тартып, жалған діни ақпаратпен бөлісіп, азаматтық құқықтарына нұқсан келтіріп жатқаны жеткізілді.
Іс-шара барысында дінге қатысты күрделі сұрақтар мен сауалдар бойынша тек ресми түрде ақпарат таратушы діни сайттар мен арнайы мамандардан кеңес алу қажет екендігін айтылды.
Оқушылар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, теолог маман тарапынан тиесілі жауаптары беріліп, кері байланыс орнатылды.
Материал Шымкент қаласы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -