Қазақстандық прокуратураның делегациясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысты (4 қазан 2024ж., Ереван, Армения Республикасы)
Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев бастаған қазақстандық прокуратураның делегациясы Ереванда өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің 34-ші отырысына қатысты.
Кездесу барысында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның қадағалау органдарының басшылары сыбайлас жемқорлықпен, экстремизм және терроризммен, сондай-ақ киберқылмыспен күрес мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар әлеуметтік осал азаматтар мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау, мәдени мұраны қорғау және прокурорлардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу өтті.
Ғалымжан Қойгелдиев кәсіпкерлікті қорғау және инвестициялық жобаларды қолдау бойынша оң тәжірибемен бөлісіп, Қазақстан Республикасының Президентімен прокурорлық қызметтің бұл саласы қадағалаудың жаңа векторы ретінде айқындалғанын атап өтті.
Іс-шара нәтижесінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бас прокуратураларының басшыларымен қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы бірқатар шешімдерге қол қойылды.
Сондай-ақ, өткізілген отырыс алаңында қазақстандық делегация басшысы Армения Бас прокуратурасының басшылығымен кездесу өткізіп, тараптармен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және іздестіріліп жүрген адамдарды экстрадициялау мәселелері талқыланды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -