«Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңы: жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер» атты семинар өткізілді.
2024 жылдың 9 сәуірінде 2023-2024 оқу жылына арналған құықтық жалпыға бірдей оқыту жоспары аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында қызметкерлерге арналған «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңы: жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер» атты семинар өткізілді.
Семинар мақсаты: азаматтық қорғау туралы заңнамасының талаптары мен қызметкерлердің жер сілкісіні кезіндегі әрекеттерін түсіндіру.
Шарада Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ШҚО инжинері Н.Т. Өтеев жер сілкісіні терминіне анықтама беріп, халықты уақытша орналастыру пунктері, жер сілкінісі кезінде қауіпсіз орынға орналасу орындары жөнінде ақпараттандырды және қауіп-қатер кезінде дайындық сөмкесіне кіретін заттар жөнінде хабардар етті. Семинар барысында қатысушылар барлық сұрақтарға толық жауап алды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -