Бұқар Жырау ауданындағы мектеп заманауи физика зертханасымен жабдықталды
Бұқар жырау ауданындағы Ю. Гагарин атындағы мектептің оқушылары қазіргі заманғы стандарттар бойынша жабдықталған зертханада физикамен айналысады. Қажетті жабдықтар облыстық бюджет есебінен сатып алынды.
Ю. Гагарин атындағы мектеп Ботақара ауылында орналасқан. Онда екі ауысымда 620 бала оқиды.
Биыл мектептің физика кабинеті барлық датчиктер және өлшеу құралдарымен, зертханалық ыдыстармен және демонстрациялық құралдармен жабдықталды.
Сондай-ақ, биыл мектептерді заманауи стандарттар бойынша жаңғырту бағдарламасы бойынша оқу орнында барлық парталар мен орындықтар толығымен жаңартылып, бастауыш сынып оқушыларына арналған жеке шкафтар сатып алынды.
Оқу жылы басталмас бұрын мектепте күрделі жөндеу жүргізілді: қабырғалар мен барлық әжетхана бөлмелері жаңартылды, есіктер мен терезелер ауыстырылды.
– Біз балаларымыздың заманнан қалмай, білім сапасы жағынан қала оқушыларынан кем түспеуін қалаймыз. Жөндеуге, жаңа жиһаз бен жабдыққа салынған инвестициялар оқу процесінің сапасын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз, – деп есептейді Ю. Гагарин атындағы ЖББМ директоры Сағыныш Төлеуханова.
Өткен жылы мектепте заманауи STEM-зертхана пайда болып, биология кабинеті жабдықталды, енді онда барлық қажетті көрнекі құралдар мен демонстрациялық үлгілер бар.
Өңір мектептерін заманауи жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз ету – жүйелі жұмыс. Қарағанды облысының білім басқармасының хабарлауынша, химия, биология, физика, робототехника және STEM-зертханаларды жабдықтауға арналған жиынтықтар жыл сайын сатып алынады.
Фото Бұқар жырау ауданы әкімдігінен
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -