Бүгін облыс әкімдігінде өңірдің жоғары оқу орындарында оқитын студенттер арасындағы этносаралық қатынастар және жанжалдардың алдын алу мәселелері талқыланды
Облыстың үш университетінде 17 елден 410 шетелдік студент білім алуда: Әзірбайжан, Алжир, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Германия, Грузия, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Нигерия, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина.
Шетелдік студенттермен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы «Торайғыров университеті» КЕАҚ, «Ә. Марғұлан атындағы ППУ» КЕАҚ, ИнЕУ ректорлары баяндады. Оқу орнына қабылданған сәттен бастап әлеуметтік, психологиялық және мәдениетаралық бейімделуге ерекше көңіл бөлінеді.Шетелдік студенттермен жұмысты «Отандастар қоры» КЕАҚ Павлодар облыстық фронт кеңсесі жүргізуде, студенттердің құжаттарын қазақ тіліне аудару, визаларын ресімдеу және т.б. жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар облысының көпұлтты өңір екенін, облыстағы этносаралық жағдай тұрақты және бақылауда екенін атап өтті. Облыста этносаралық қатынастарды дамыту бойынша ведомствоаралық жоспар қабылданды.Сонымен қатар, өңір басшысы жастар арасында «Әртүрліліктегі бірлік» жалпыұлттық құндылықтары туралы ақпараттық және түсіндіру шараларының кешенін әзірлеп, іске асыруды тапсырды.
Сондай-ақ, жиналыста мектеп түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстары талқыланды. Аталмыш жұмысты жақсарту үшін ағымдағы жылы өңір мектептерінде педагог-кәсіби бағдар беруші бірлігі енгізілді.
Облыс әкімі оқушыларды кәсіптік бағдарлау бойынша дұрыс құрылған жұмыс оқу орнын бітіргеннен кейін алған мамандығынан бас тарту жағдайларын барынша азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -