Бүгіннен бастап «Ақтөбе-Шалқар» бағытына жаңа пойыз қатынайды
Республика күніне орай, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қосымша төрт пойызды іске қосады. Соның бірі — «Ақтөбе-Шалқар» бағыты бойынша қатынайтын №630/629 пойызы 22 қазаннан бастап күнара жолаушылар тасымалдайды.
№630/629 «Ақтөбе-Шалқар» қатынасындағы коммерциялық жолаушылар (субсидияланбайды) пойызы 6 вагоннан, оның ішінде 3 купе және 3 плацкарттан тұрады. Жол жүру билетінің бағасы купе вагоны үшін — 5800 теңге, ал плацкарт вагоны үшін — 4000 теңге.
«Сарыарқа-компани» ЖШС 2016 жылдан бері «Ақтөбе-Шалқар» әлеуметтік маңызы бар ауданаралық қатынас бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырып келеді. №6991/6992 «Ақтөбе-Шалқар» қатынасындағы қала маңындағы пойыз 7 вагоннан тұрады, оның ішінде жұмыс күндері 3 плацкарт және 3 жалпы вагон, демалыс және мереке күндері 3 плацкарт және 4 жалпы вагон. Жүру жиілігі — аптаның 1,3,5,6,7 күндері. Ақтөбе мен Шалқар арасын жалғайтын пойыздың жол жүру бағасы — 2135 теңгені, жалпы вагонда 883 теңгені құрайды.
№630/629 коммерциялық пойызда Шалқарға дейін — 25 аялдама, ал №6992/6991 қала маңындағы пойызда Шалқарға дейін — 30 аялдама.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -