БҰҰ Орталық Азиямен ынтымақтастықты нығайтуда: Астана қаласы, 07 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

БҰҰ Орталық Азиямен ынтымақтастықты нығайтуда

Астана, 2024 жылғы 7 тамыз – Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының (ОАПДӨО) Басшысы, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Каха Имнадзені қабылдады. Каха Имнадзе Орталық Азия елдері басшыларының 6-шы Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Қазақстанға келді.

Тараптар Орталық Азияның артып келе жатқан рөлі мен өңір алдында тұрған сын-қатерлерді талқылады. Өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін превентивтік дипломатия құралдарын дамыту мен нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

М.Нұртілеу Қазақстанның қауіпсіздік және орнықты даму саласындағы сын-қатерлерді шешуде БҰҰ-ның жетекші рөлін мойындайтынын және Ұйыммен ынтымақтастыққа басымдық беретінін ескере өтті.

«Бүгін Сізді Астанада Орталық Азия елдері басшыларының жыл сайынғы кездесуіне қатысуыңызбен қуана қарсы аламыз. Қазақстан Орталық Азия аймағында тікелей БҰҰ-ның қатысуымен көптеген үдерістерді жалғастыруға мүдделі», – деп атап өтті Сыртқы істер министрі.

Өз кезегінде, К. Имнадзе Қазақстанның бірқатар өңірлік ұйымда төрағалық етуін оң бағалап, елдің мультилатерализм қағидаттарына бейілділігі үшін алғыс білдірді.

«Қазақстанды маңызды өңірлік ұйымдарда сәтті төрағалық етуімен және Орталық Азия аймағы үшін аса маңызды 6-шы Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуін өткізумен құттықтаймын. Мен, өз тарапымнан, ОАПДӨО Басшысы ретінде өңірлік көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға оң үлес қосуға дайынмын», – деп ескере өтті К. Имнадзе.

Кездесу соңында тараптар барлық деңгейде тығыз байланыс орнатуға дайын екендіктерін растады және бір-біріне табысты жұмыс тіледі.

БҰҰ Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия бойынша өңірлік орталығы – Орталық Азиядағы бес мемлекеттің үкіметтерінің бастамасымен 2007 жылы құрылып, штаб-пәтері Түрікменстанның Ашғабат қаласында орналасқан БҰҰ-ның саяси мәселелер және бейбітшілікті құру жөніндегі департаментінің арнайы саяси миссиясы.

Орталықтың негізгі мақсаты – Орталық Азия мемлекеттеріне өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерді анықтау және жоюға көмек көрсету. Сонымен қатар, Орталық Азия елдері арасындағы әріптестік қатынастарды аймақтық және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта ілгерілетуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі: Министерство иностранных дел Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар