БАҚ үшін ақпарат
2024 жылғы 7 маусымда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сыбайлас жемқорлықпен байланысты іс бойынша үкім шығарды, бұнда алқабилердің кесімімен ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау" ММ бұрынғы басшысы К.Көкрекбаев тағылған айыптардың барлық эпизодтары бойынша ақталды.
Онымен бірге іс бойынша өткен оның орынбасары А.Ахатаев пара алғандығы, ал «BazisConstruction Infr» ЖШС филиалының директоры А.Поплавский аса ірі мөлшерде пара бергендігі үшін кінәлі деп танылды.
Алматы облысының прокуратурасы Кокрекбаевтың ақталған бөлігінде үкіммен келіспей, апелляциялық өтінішхат енгізді.
2024 жылғы 25 шілдеде Алматы облыстық соты прокуратураның апелляциялық өтінішхатын толық қанағаттандырып, сот үкімінің күші жойылып, іс жаңа сот талқылауына жіберіліп, К.Кокрекбаев сот залынан қамауға алынды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -