BAITURSYNULY UNIVERSITY-ГЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТІ ҮШІН ҚЫТАЙЛЫҚ ҒАЛЫМДАР КЕЛДІ
BAITURSYNULY UNIVERSITY-ГЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТІ ҮШІН ҚЫТАЙЛЫҚ ҒАЛЫМДАР КЕЛДІ
Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің (NWAFU, ҚХР) PhD докторы Чжан Пэн мен профессор Вэйсин Шан халықаралық ауылшаруашылық тәжірибесінің барысын –А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті тәжірибелік алқаптарындағы Қытай элиталық дақылдарының сорт сынағын бақылауға келді.
Бұл Қытай ғалымдарының Қостанай облысына алғашқы келуі емес. Қытайдағы ауылшаруашылық университетінің үздік үштігіне кіретін NWAFU өткен жылдың қазан айынан бастап ҚӨУ серіктесі.
ҚӨУ мен Қытай оқу орындары бірлескен академиялық және ғылыми жобаларды жүзеге асыруда. Соңғы жаңалықтың бірі – Қытайдан әкелінген картоп, жоңышқа, бидай, соя, жүгері, рапс сорттары сынақтан өтуде. Екі ай бойы NWAFU магистранттары олардың әрі қарай өсіп кетуін бақылап отырды, жақын арада ғалымдар аралық нәтижелерді тікелей бағалайды.
- Тәжірибе алқаптарында белсенді жұмыстар жүргізілуде, - деді Baitursynuly University ректоры Сейітбек Қуанышбаев қонақтарға. - Биылғы ауа-райы аса қолайлы емес, бірақ егіннің сапасын күзде ғана бағалай аламыз. Айтпақшы, бұл жоба қостанайлық диқандардың да аса қызығушылығын тудырып отыр, олар сіздермен кездесіп, тілдесуге ниетті.
Чжан Пэн мен Вейсин Шан мұны жақсы идея екенін атап өтті. Олардың айтуынша, Қытайда ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілері ғалымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді, түптеп келгенде жаңа технологиялар мен сорттарды енгізуден ұтатындар да – диқандар.
Қытай ғалымдары ҚӨУ-де 9 тамызға дейін болады. Сорт сынағы 3 жылға созылады. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасын таба бермек, тараптар Baitursynuly University базасында Тұқым шаруашылығы орталығы мен картопты вируссыз өсіру бойынша бірлескен зертхана құруды жоспарлап отыр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -