Бас прокуратура: қылмыс 8% төмендеді
Бас прокуратурада облыстар прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың қатысуымен, сондай-ақ барлық аумақтық прокуратуралардың онлайн қосылуымен 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өткізілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Бас Прокурор іс-шараны аша отырып, прокурорлар өздерінің қадағалау функцияларын орындау кезінде Мемлекет басшысының барлық мемлекеттік аппарат үшін басты базалық бағдар ретінде көрсеткен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын қатаң ұстануға міндетті екенін атап өтті.
Прокуратура органдарының заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі күш-жігері халықты толғандыратын проблемаларды шешуге бағытталуға тиіс, аталған кезеңде прокуратура органдары балаларды қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және ел басшылығының бақылауындағы басқа да әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша шаралар қабылдай отырып, тексерулер мен талдауларды аяқтады. Су тасқыны салдарын жою кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды, одан зардап шеккен тұрғандарға баспана салу жұмыстарының барысын бақылауға алынды.
Еңбек қатынастары саласында прокуратура қабылдаған шаралармен 87 мың адамның құқығы қалпына келтірілді, 3 мың қызметкердің алдында 202 млн теңгеге жалақы бойынша берешек өндіріп алынды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -