Бас прокуратурада құрметті қызметкердің 80 жылдығын атап өтті
Бас прокуратурада Қазақстан прокуратурасының құрметті қызметкері Гүлжан Аманбайқызы Қарақұлованың 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты іс-шараға орталық аппараттың басшылығы мен жеке құрамы және бейнебайланыс арқылы облыстық, Астана және Алматы қалалық прокуратуралардың ұжымдары қатысты, прокуратура органдарының ардагерлері, сондай-ақ "Қазақстан прокурорлар қауымдастығы" РҚБ-ның және "ҚР прокуратура органдары ардагерлерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық одағы" ЗТБ-ның өкілдері шақырылды.
Әріптестер Г.А. Қарақұлованың жоғары адами және кәсіби қасиеттерін, сондай-ақ прокуратура органдарында қызмет өткеру кезеңінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті.
Прокурор мен 4 қыздың анасы рөлін қоса атқара отырып, Гүлжан Аманбайқызы әрқашан жоғары кәсіпқойлық пен таңдаған іске адалдықтың үлгісі болды.
Прокуратура органдарында 40 жылдан астам қызмет атқарып, еңбек сіңірген демалысына шыққан кезде ҚР прокуратура органдары ардагерлерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық одағын басқара отырып, қоғамдық қызметпен айналысуды жалғастырды.
Г.А. Қарақұлованың кәсіби қызметіндегі жоғары жетістіктері көптеген мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, соның ішінде «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, «Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген заңгері» және «Еңбек ардагері» құрметті атақтарымен және «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті атынан Г.А. Қарақұлованың 80-жылдығының құрметіне қанатты барыс бейнеленген төсбелгісімен Алғыс жолданды. Мемлекет басшысы мерей той иесіне зор денсаулық пен әулетіне амандық тіледі, оның ұзақ уақыт жасаған жемісті еңбегін және қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Бас Прокурор Гүлжан Аманбайқызының атына құттықтауында да оның қадағалау қызметіндегі жетістіктерін және прокуратура органдарында жасаған мінсіз қызметін атап өтті.
Бас прокуратураның басшылығымен ол ҚР прокуратура органдары ардагерлерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық одағының «Заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалімен және прокуратура ардагерлері мен зейнеткерлерінің бүкілресейлік қоғамдық ұйымы атынан «Ресей прокуратурасына 300 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -