Бас прокуратурада Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың денсаулығын сақтау мәселелері талқыланды
А.ж. 18 маусымында Бас Прокурордың орынбасары Ә.Қ. Шындалиевтің төрағалығымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.Жиынға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Ш. Әлназарова, Ішкі істер министрінің орынбасары А.К. Рысбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері және Қазақстан денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығының мүшелері қатысты.Мемлекет басшысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуді денсаулық сақтау жүйесіне беру туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Ә.Қ. Шындалиев барлық азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға конституциялық құқықтарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.Отырыста сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар пысықталып, Бас прокуратураның алаңында әзірленген, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелері, ҚАЖ-дің инфрақұрылым мен жабдықтарды, кадрлық әлеуетті және ақпараттандыруды дамыту мәселелері көзделген іс-шаралар жоспары таныстырылды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -