БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «Екінші компоненттің салық салынуға жату туралы ережесін іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі көпжақты конвенцияға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
«Екінші компоненттің салық салынуға жату туралы ережесін іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі көпжақты конвенцияға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі- Жоба) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағына және 8-бабы2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жобаның мақсаты қолданыстағы қосарланған салық салу туралы халықаралық шарттарға өзгерістер еңгізіп, табыс көзі болып табылатын юрисдикцияға шетел резиденттеріне төленетін кейбір төлем түрлеріне қосымша салық салу құқығын беруді көздейтін Көпжақты конвенция жобасына қол қою болып табылады.
Жоба ратификациялауға жатады.
Жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қаржы бөлуді талап етпейді.
Жоба 2024 жылғы 4 шілдеде Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (http://legalacts.egov.kz).
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі-2024 жылғы 19 шілдеге дейін.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -