Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу
Қ
амқоршылық – ерекше жауапкершілік пен маңызды шешуді талап ететін қарым-қатынас түрлері.Қ
амқоршылыққа және қорғаншылыққа алу туралы шешімді қабылдай отырып тек моральдық қана емес, сонымен қатар заңдық тұрғыдан да дайын болу қажет."Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы No 427 бұйрығына сәйкес «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсетеді
.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) көрсетілетін қызметті алушы
3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүргізіледі.
Үшінші тұлғалардың өтініштері сенімхат бойынша беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыда қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе "Электрондық үкімет" порталы арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе қызметті алушының цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) азаматтың әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі;
4) неке қию немесе бұзу туралы куәлік;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын (қамқоршылық белгіленген жағдайда);
6) "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқ екені туралы анықтамалар;
7) 18 жастан асқан отбасы мүшелерінің әлеуетті қамқоршысымен бірге тұратын барлық адамдарға қамқоршылық белгілеуге жазбаша келісім (егер қамқоршы қамқоршымен бірге тұрады деп болжанған жағдайда) (еркін түрде).
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 19 (он тоғыз) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананының, әлеуметтік қорғау жөніндегі уәкілетті органының қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрығы не мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -