БиоЭС түріне ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы
2024 жылғы 20 қарашада жалпы белгіленген қуаты 10 МВт БиоЭС құрылысына ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукцион өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 3 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 5 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 12.4 МВт құрады.
БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында бастапқы шекті аукциондық баға 32.23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан түскен өтінімдердің баға ауқымы 32.23-тен 32.14 теңге/кВтсағ-қа дейін (ҚҚС-сыз) тіркелді.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес іріктеуге белгіленген қуат көлемі 10-нан 11.9 МВт-қа дейін ұлғайтылды.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компаниялар жеңімпаз деп танылды:
«Eco Energy Plant» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 4.9 МВт, аукциондық бағасы 32.14 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз); «Future M-Gas (FMG)» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 7 МВт, аукциондық бағасы 32.17 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «EcoJer» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ, Азия даму банкі және USAID өкілдері байқаушылар ретінде қатысты.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -