Еліміздің барлық өңірлерінде «Қызмет алушылар күні» өтті: Астана қаласы, 20 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Еліміздің барлық өңірлерінде «Қызмет алушылар күні» өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі сервистік және адамға бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру аясында кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру бойынша бірыңғай «Қызмет алушылар күнін» ұйымдастырды.   «Қызмет алушылар күні» еліміздің барлық өңірлерінде бірыңғай форматта өтіп, оған 1000-нан астам азамат қатысты.   Негізгі мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі заңды құқықтары туралы хабардар болуын арттыру, ең көп сұранысқа ие және әлеуметтік маңызы бар қызметтер бойынша көмек көрсету.   Іс-шараға жергілікті атқарушы органдар, кәсіпкерлік, мемлекеттік кірістер басқармалары, «Атамекен» ҰКП және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдері қатысып, мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін егжей-тегжейлі түсіндірді.   Азаматтар арасында бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алу тәртібі, шағын және орта бизнеске арналған салықтар мен декларациялар туралы ақпаратқа қатысты сұрақтар басым болды.   Сонымен қатар, қатысушыларды бизнесті қолдау және дамыту үшін рұқсат құжаттарын, лицензияларды, гранттарды беру, сондай-ақ заңнамадағы жаңашылдықтар, салық режимі және бизнесті қолдауға арналған қолданыстағы бағдарламалар сынды кәсіпкерлік қызметпен байланысты мәселелер қызықтырды.   Азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі құқықтары, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне шағымдану тәртібі түсіндірілді.

Ақпарат көзі: Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі сервистік және адамға бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру аясында кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру бойынша бірыңғай «Қызмет алушылар күнін» ұйымдастырды.   «Қызмет алушылар күні» еліміздің барлық өңірлерінде бірыңғай форматта өтіп, оған 1000-нан астам азамат қатысты.   Негізгі мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі заңды құқықтары туралы хабардар болуын арттыру, ең көп сұранысқа ие және әлеуметтік маңызы бар қызметтер бойынша көмек көрсету.   Іс-шараға жергілікті атқарушы органдар, кәсіпкерлік, мемлекеттік кірістер басқармалары, «Атамекен» ҰКП және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдері қатысып, мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін егжей-тегжейлі түсіндірді.   Азаматтар арасында бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алу тәртібі, шағын және орта бизнеске арналған салықтар мен декларациялар туралы ақпаратқа қатысты сұрақтар басым болды.   Сонымен қатар, қатысушыларды бизнесті қолдау және дамыту үшін рұқсат құжаттарын, лицензияларды, гранттарды беру, сондай-ақ заңнамадағы жаңашылдықтар, салық режимі және бизнесті қолдауға арналған қолданыстағы бағдарламалар сынды кәсіпкерлік қызметпен байланысты мәселелер қызықтырды.   Азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі құқықтары, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне шағымдану тәртібі түсіндірілді.

Аймақтағы жаңалықтар