Елордада бүлдіршіндер «Әнұраным – айбыным» атты челлендж бастады
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, 4 маусымда Астана қаласының бүлдіршіндері «Әнұраным – айбыным» атты челлендж бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
5-6 жас аралығындағы 50 шақты бүлдіршін челленджді еліміздің ең ірі мегаполистеріне айналған Алматы және Шымкент қалаларына жолдады.
Аталмыш челленджге елорданың барлық мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілері қатысып жатыр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -