ХАБАРЛАНДЫРУ
Жастар іс-тәжірибесі - алған мамандығы (кәсібі) бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектері үшін ұйымдастырылатын уақытша жұмыс орны.
Жастар іс-тәжірибесіне өткен 5 жыл ішінде оқуын аяқтаған және 35 жастан аспаған алған кәсібі (мамандығы) бойынша білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздар қатыса алады. Бағдарламаға қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жастар іс-тәжірибесі алынған білімі мен дағдыларын тығайтып, жұмыс тәжірибесін алуға және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
ЖІТ бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысы 30 АЕК (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды.
ЖІТ бағдарламасына қатысатын адамдарға жалақы төлеуді еңбек мобильділігі орталығы ай сайын екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.
«Күміс жас» - (әрі қарай - КЖ) – 50 жастан асқан жұмыссыздарға арналған жұмыс орындары. Күміс жас жобасына қатысу ұзақтылығы 36 айдан көп емес.
Жоба бойынша жұмысқа орналасқан адамдар үшін ай сайынғы субсидия мөлшері салық, міндетті әлеуметтік жарналар, қолданылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, банк қызметтері есебімен, экологиялық жәрдемақыларды қоспағанда:
1) қатысудың алғашқы жылы – жалақының 70 %, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспауы керек;
2) қатысудың екінші жылы – жалақының 65 %, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды;
3) қатысудың үшінші жылы – жалақының 60 %, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды.
Еңбек мобильділігі орталығы ай сайын жұмыс берушілердің есептік шотына еңбекақы төлеміне субсидия сомасын аударады.
Өтініш беруші жұмыстан босатылған күнге дейін соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек қатынастарында болған жұмыс берушілерге субсидияланатын жұмыс орнына жолдама берілмейді.
Салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер Электрондық еңбек биржасына электрондық түрде (enbek.kz) сұраным бере алады.
Барлық сұрақтар бойынша Өскемен қаласының мансап орталығына, Шәкәрім даңғылы, 149/10, № 9 каб. тел: 70-06-61 (оқыту), № 3 кабинет, тел: 70- 06-51 хабарласу қажет.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -