Халықаралық Йогa күні: Астанадағы ашық алаңдарда Йога жаттығулары өткізіледі
Халықаралық йогa күніне орай елордада Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ашық алаңдарда Йога жаттығулары өткізіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
13 маусым күні сағат 18.00-де «Орталық» саябақта (Атырау көпірі астындағы алаң) және 14 маусым күні сағат 18.00-де «Астана Триатлон» паркінде өтетін (Арқар көпірі астындағы алаң) ашық Йога жаттығулары өткізіледі.
«Ыңғайлы спорттық киім мен өзіңізбен бірге Йога матыңызды алып келуіңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.
Қосымша ақпарат үшін төмендегі нөмірге хабарласу қажет.
+7 701 943 1504 – Әсет.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -