Игі істер марафоны: Астанада балаларға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырылды
Игі істер марафоны аясында «Құрбан айт» мерекесіне орай Астана қаласы Есіл ауданы əкімінің аппараты аудандағы кәсіпкер ұйым «ПОЛИМЕРСТРОЙ-ҚАЗАҚСТАН» ЖШС-пен бірлесіп, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жəне халықтың əлеуметтік осал топтары (ХƏОТ) санатындағы отбасыларға қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Акция аясында Есіл ауданы əкімі аппараты екі қабаттық «Red Bus» автобусымен балаларға елорданың негізгі көрікті жерлеріне экскурсия жүргізді.
Сондай-ақ əрбір балаға сыйлық сертификаттары табыс етілді. Бұдан бөлек, ХƏОТ санатындағы 15 отбасыға азық-түлік себеттері табысталды.
Марафон халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -