Индустриалды университетте Қарағанды облысындағы алғашқы студенттер ассамблеясы ашылды
Қарағанды индустриалды Университетінде өңірдегі алғашқы студенттер ассамблеясы жұмыс істей бастады. Оның ашылу бастамасы барлық деңгейдегі жастар жобаларын жан-жақты қолдауға қатысты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында айтылған Қазақстан Президентінің тапсырмасын іске асырудың бір бөлігі болды.
Ассамблеяның ашылуы Қарағанды облысы ҚХА-ның Saryarqa Jastary жастар форумының өткізілуімен тұспа-тұс келді, ол осы ойды іске асырудың маңызды кезеңіне айналды.
Жаңа студенттер ұйымының активімен алғашқы кездесуге Қарағанды индустриалды университетінің проректоры Галина Сивякова, ҚХА кеңесінің мүшесі Тимур Жұмырбаев, "Ассамблея жастары" РҚБ төрағасының орынбасары Александр Урмашов, "Ассамблея жастары" РҚБ белсенділері және т. б. қатысты.
"Ой толғау" форматында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты қызметінің әлеуетті бағыттарын талқылады. Студенттік ассамблеяныі талантты жастарды қолдау платформасы ретінде дамуына ықпал ететін қолданбалы жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды.
ҚХА Кеңесінің мүшесі Тимур Жұмырбаев белсенді студент жастарды Қазақстан халқы Ассамблеясының, "Ассамблея жастары" РҚБ облыстық өкілдігінің қызметіне тартудың маңыздылығын атап өтті. Ол Студенттер ассамблеясын құру жалпыұлттық құндылықтарды дамытуға, мемлекеттік тілді үйренуге, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар және ұлттық бірлікті нығайтуға ықпал ететін жастар жобаларын қолдауға бағытталғанын атап өтті.
Тимур Жұмырбаев жаңа бірлестік белсенділеріне Қарағанды индустриалды университетінің қабырғасында студенттер Ассамблеясының ресми ашылуы туралы куәлікті табыс етті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -