Инвесторларды қорғау – прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағыты: Астана қаласы, 03 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Инвесторларды қорғау – прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағыты

Прокуратура органдары инвесторлардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударады.

Ағымдағы жылы инвестициялық жобаларды прокурорлық сүйемелдеу шеңберінде экономикаға салынған салымдар сомасы 9 трлн теңгеден асатын 411 кейсттің проблемалары шешілді.

Осы жұмыс барысында 166 қадағалау актісі енгізілді, соттың 4 шешімі және мемлекеттік органдардың 52 актісі тоқтатылып, 106 лауазымды тұлға жауаптылыққа тартылды.

Мысалы, қарыз қаражатын пайдалана отырып, вагондар паркін жаңғыртқан 3 компания ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 1,7 млрд теңгеге субсидияларды қайтару туралы талаптарына тап болды.

Уәкілетті орган тасымалдаушылармен несие мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша артық сыйақы алғаны есептеліп, Көлік комитетінің сотқа шағымдармен жүгінуіне негіз болды.

Астананың соттары Комитеттің талаптарын қолдады.

Дегенмен, қадағалаушы орган тасымалдаушылар тарапынан бұзушылықтарды байқамай, субсидиялар бекітілген бюджеттік өтінімдер шегінде аударылғанын, ал тасымалдаушылардың нақты шығындары олардан едәуір асып түскені анықталды.

Сондай-ақ, Комитет қайтарылуға жататын соманы есептеу кезінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемін айқындау жөніндегі әдістемені қолданбаған.

Нәтижесінде, Бас прокуратураның наразылығықтары бойынша Жоғарғы Сот сот актілерінің күшін жойып, Көлік комитетінің талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.

Осылайша, тасымалдаушылардан 1,7 млрд теңгені негізсіз өндіріп алуға жол берілмеді, бұл әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарына тарифтердің ұлғаюын болдырмауға мүмкіндік берді.

Естеріңізге сала кетейік, егер сіз инвестор болсаңыз және жобаны іске асыруда қиындықтар туындаса, онда сіз Бас прокуратураның кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Call-орталығына (тел. (7172) 30-17-93, +7-702-629-75-61) құқықтық көмек пен кеңес алу үшін жүгіне аласыз.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар