«Jeniske birge jugir»: елордалықтар арасында түнгі жүгіріс өтеді
Астана қаласында 22 қарашада «Jeniske birge jugir» атты түнгі жүгіріс өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Өтетін орны – Ботаникалық саябақ (арка жағы). Жарыстың жалпы қашықтығы – 4 км. Жарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу жарыс күні болады, сағат – 19:00-20:30 дейін. Жарыстың басталуы: 21:00. Тіркелу тегін.
Қатысушылардың лимиті – 1000 адам. Олардың саны 1000 адамға жеткен уақытта, тіркеу жабылады.
Финиш жолында қатысушылардың бәріне естелік медальдар беріледі.
Сол сияқты қатысушылар арасында IPhone 15 Pro және 5 велосипед ойнатылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -