«JOLTAP» жобасы: елорда тұрғыны интернет сауданы меңгергенін айтты: Астана қаласы, 10 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«JOLTAP» жобасы: елорда тұрғыны интернет сауданы меңгергенін айтты

Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап іске қосылған «JOLTAP» әлеуметтік жобасы күні бүгінге дейін нәтижелі жалғасып жатыр. Соның арқасында астаналықтар қысқа мерзімді бағдарламалар арқылы белгілі бір кәсіп түріне тегін оқуға мүмкіндік алды. Елорда әкімдігінің бастамасымен қолға алынған жоба аясында мемлекеттік қолдау шаралары, атаулы әлеуметтік көмек, бизнес ашуға құжаттарды ресімдеу және жұмыс табу үшін кеңес беріледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«JOLTAP» жобасы аясында қала тұрғындары екі қысқа мерзімді бағдарлама бойынша тегін білім ала алады. Бірінші бағдарлама наубайшы, бариста, сатушы-кассир, қоғамдық тамақтандырудың әмбебап қызметкері, тігінші сияқты 5 жұмысшы мамандығын оқытуға арналған. Екінші бағдарлама – «Freelance мүмкіндік» деп аталады, бұл 7 цифрлық дағдыларды оқытуды ұсынады. Олар: таргетолог, SMM, видеограф, маркетплейс менеджері, мобилограф, графикалық дизайнер және веб-дизайнер.

Жобаға қатысып, курс оқып, өз кәсібін қолға алғандардың бірі – Ғамзат Иманмағзамов.

«Мен «JOLTAP» жобасында интернет сауда бағдарламасы бойынша курстан өттім. Ұстазымыз курсты өте керемет өткізді. Сабақтан соң ой туып, үйдегілерге интернет арқылы сауда жасауға болатынын айттым. Бүгінде Қытайдан тапсырыс жасап, тауар тосып отырмыз. Тауарымыз келгеннен кейн маркетплейске шығамыз деген жоспарымыз бар. Осылайша интернет-сауданың қыр-сырын үйрендік. Осындай мүмкіндіктің көзін нұсқап, табыс табудың жолын көрсеткен жобаға, ұстазымызға алғысым зор. Алдағы күнде отбасымызбен ойлаған ісімізді жүзеге асырамыз деген сенімдеміз», - дейді жоба қатысушысы Ғамзат Иманмағзамов.

Ең бастысы, елорда тұрғындары үшін оқыту тегін. Оқу мерзімі бағдарламаға байланысты он күндік курстан бір жарым айға дейінгі уақыт аралығында.

Сондай-ақ қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін қолжетімді. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификат беріледі. Қазіргі уақытта оқушылар арасындағы негізгі санаттың 60%-дан астамы – 35 жасқа дейінгі жұмыссыз тұрғындар.

«JOLTAP» әлеуметтік жобасы аясында жүгінгендердің 1200-ге жуығы халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады.Жоба туралы бұдан да кеңірек ақпаратты қала тұрғындары «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктерінен ала алады.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар