Көлік министрлігі көлік саласындағы цифрлық жобаларын ұсынды: Астана қаласы, 12 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Көлік министрлігі көлік саласындағы цифрлық жобаларын ұсынды

12 қарашада автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлігі, сондай-ақ автожол саладағы цифрлық жобалар Digital Transport Day іс шарада көрсетілді.

Іс-шараны Көлік министрлігі мемлекеттік органдардың DemoDay өткізу шеңберінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен ұйымдастырды.

Digital Transport Day-ға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің және Үкімет Аппаратының қызметкерлері, министрліктердің цифрлық орынбасарлары, сондай-ақ мемлекеттік және жеке ұйымдардың IT-қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары автожолдар саласында қолданатын келесі цифрлық технологиялар көрсетілді:

- автожолдарды салу, жөндеу кезінде орындалған жұмыстар мен материалдарға сараптама жүргізу рәсімдерін автоматтандыру;

- бизнеске арналған жол-құрылыс материалдарының жалпыға қолжетімді дерекқорлары;

- автожол төсемінің жай күйін диагностикалау мәселелерінде жасанды интеллектті қолдану;

- республикалық трассалардың ақылы учаскелерінде қолданылатын ақпараттық жүйелер.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 95 мың шақырым автожолдың барлық цифрлық аспектілерін қамтитын бірыңғай жалпыға қолжетімді жүйені іске асыру жоспарлары да көрсетілді.

Автокөлікпен жүк тасымалдау саласындағы цифрлық мәселелерге ерекше назар аударылды:

- электрондық тауар-көлік жүкқұжаттары мен жол парақтарына көшуге мүмкіндік беретін Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін енгізу;

- Өзбекстанмен электрондық рұқсат беру бланкілерін өзара пайдалану, сондай-ақ ҚХР және Түркі мемлекеттері ұйымдарының елдерімен жобаны масштабтау жоспарлары;

- 2024 жылы ел жолдарында 20-дан астам Автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату арқылы автоматты салмақтық бақылауды масштабтау.

Теміржол саласы да назардан тыс қалған жоқ. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның цифрландыру басшысы қолданыстағы және жоспарланып отырған цифрлық жобалар туралы айтып берді:

- жүк және жолаушылар тасымалындағы ақпараттық жүйелер;

- сингапурлық PSA компаниясымен кедендік транзит процестерін цифрландыру бойынша өзара іс қимыл;

- ҚТЖ-ның стратегиялық серіктесі - Huawei компаниясынан алынған жасанды интеллект технологияларын қолдану жоспарлары;

- ektz.kz сайтында бизнеске 8 коммерциялық және логистикалық қызмет көрсетудің Бірыңғай цифрлық терезесі.

Еліміздің теңіз порттарында жобаларды енгізу бойынша жұмыстар, сондай-ақ Каспий секторы мен мультимодальды көлік дәліздерін цифрлық дамыту жоспарлары да айтылды.

Жүктерді әуе тасымалы саласында әуежайлар мен авиакомпаниялардың цифрлық жобалары көрсетілді, әуе құралдарының ұшуын жоспарлау кезінде қолданылатын технологиялар, сондай-ақ E-freight жүйесінде жүк тасымалын электрондық ресімдеу және сүйемелдеу атап өтілді.

Көлік вице-министрі Қалиақпаров Мақсат Қайыржанұлы іс-шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, көлік саласын цифрландыру қоғам мен экономиканың игілігі үшін қызмет ететін қажеттілік екенін атап өтті.

Сондай-ақ, еліміздің транзиттік дәліздерін дамыту және Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыру шеңберінде заманауи цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Соңында Цифрлық даму вице-министрі Төлеушин Қаныш Аманбайұлы іс-шарада таныстырылған жобалар бойынша жұмыстар атқарылатынын және алдағы уақытта азаматтардың қолайлылығы үшін цифрландыру бағытындағы бірлескен бірқатар жобалардың жасалынатынын айтты.

Ақпарат көзі: Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар