Көліктік бақылау саласындағы цифрландыру: Шығыс Қазақстан облысы, 12 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Көліктік бақылау саласындағы цифрландыру

Биыл елімізде автомобиль жолдарын жөндеу және салу бойынша рекордтық жұмыстар жүргізілуде, бұл шамамен 12 мың шақырым жол салумен қатар оның сақталуын қамтамасыз ету міндеті тұр. Жолдардың бұзылуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі-рұқсат етілген массаларды бұза отырып, ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуі. Ұзындығы 95 мың шақырым жолдардағы көліктік бақылау 47 жылжымалы бекеттің күшімен жүзеге асырылады, яғни 1 бекетке 2 мың шақырымға дейін келеді, сондықтан барлық жолды тек жылжымалы бекеттердің күшімен бақылау іс жүзінде мүмкін емес. Осыған байланысты, көліктік бақылау саласында цифрландыру енгізілуде, онда тексеру процесінде адами фактор алынып тасталады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР КМ Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Алтай Әлі мәлімдеді.    Заңға сәйкес республикалық маңызы бар автожолдарда автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату «Қазавтожол» АҚ, ал жергілікті жерлерде - ЖАО құзыретіне жатқызылған.    Алдын ала талдау қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар қалаларға автокөлік құралдарының келуінің негізгі орындарында 150 АӨС орнатуға дайын. Республикалық жолдарда «Қазавтожол»  70-ке жуық АӨС орнатуды жоспарлап отыр.    «АӨС арқылы тіркелген бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартудың қолданыстағы тәжірибесі құқық бұзушыларды көліктік бақылаудың аумақтық органдарына шақыру арқылы жүзеге асырылады, бұл тиімсіз және шешім қабылдау кезінде адами фактор бар. Сондықтан бір мезгілде Көлік министрлігі мен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша «Сергек» қағидаты бойынша айыппұлды адамның қатысуынсыз ресімдеу бойынша жұмыс жүргізілуде» , – деп атап өтті спикер.    Былтыр Астанада автокөлік құралдарының қалаға келуінің жеті негізгі нүктесінде АӨС орнату бойынша жұмыс басталды. Станциялар жоқ жерлерде «Сергек» камералары арқылы бекітілетін жүк автокөлік құралдарының өтуіне тыйым салатын белгілер орнатылады.    Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық жүк автокөлік құралдарын бақылауды АӨС қамтамасыз етеді, оның ішінде 100 шақырым радиуста орналасқан 29 карьерден қалаға инертті материалдарды тасымалдайтын 6 305 самосвал қадағалауға алынады.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар