Күршім ауданында алдағы жылыту маусымына дайындықты кешіктірмеуге шақырады
Жылыту маусымына дайындық жоспарға сәйкес жүргізілуде және көмірмен қамтамасыз ету мәселесі Күршім аудандық әкімдігінің ерекше бақылауында. Жылыту маусымы жақындап қалды, сондықтан біз аудан тұрғындарын алдын ала көмір қорын жинақтауға белсенді түрде шақырамыз. Алдағы жылыту маусымына дайындықты кейінге қалдырмаңыздар, - деді Күршім ауданының әкімді Алмат Ақышев.
Бүгінгі күнге халықтың қажеттілігі үшін тұйықта тұрған көмірдің жалпы көлемі 4400 тоннаны құрайды.Бір тоннаның бағасы – 22 000 теңге.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -