ҰҚК Шекара қызметі азаматтарды әскери қызметке шақырады: Алматы облысы, 11 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҰҚК Шекара қызметі азаматтарды әскери қызметке шақырады

ҰҚК Шекара қызметі азаматтарды әскери қызметке шақырады

ҰҚК Шекара қызметі азаматтарды әскери қызметке шақырады

Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР ҰҚК Шекара қызметіне әскери қызметке шақыру туралы баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің кадр бөлімінің бастығы Асқар Талғатов пен кадр бөлімінің консультанты Әсет Базарбеков түсіндірді.Қазіргі уақытта мектеп түлектеріне шекарашы офицері болу үшін ҚР ҰҚК Шекара академиясына, сондай-ақ, Ресей Федерациясы мен Түрік Республикасының әскери оқу орындарына іріктеу жүзеге асырылады. Оқуға түсу үшін қажетті құжаттарды қабылдау, медициналық куәландырудан өту, дене шынықтыру дайындығы деңгейін тексеру, кәсіби жарамдылығын тексеру, арнайы тексеруден өту жүргізіледі. Конкурстық іріктеудің қорытындылары бойынша кандидаттың рейтингі негізінде қабылдау комиссиясының шешімімен жүргізіледі. «Оқу орнын бітірген соң офицерлерге айсайынғы ақшалай төлемақы, қызмет өткеру кезеңінде қызметтік тұрғын-үймен немесе ҚР заңнамасына сәйкес тұрғын-үй төлемдерімен, Біріңғай ұлттық зейнетақы фонды міндетті түрде төлем ақысыз, жыл сайынға ақшамен өтемелі демалыспен, киім-кешек, тегін дәрігерлік қызмет секілді әлеуметтік жағдайлар қарастырылған», - деді Асқар Қайратұлы.Сондай-ақ, офицер атағын алу үшін жоғары білімі бар азаматтық және келісімшарт әскери қызметшілерін ҰҚК Шекара академиясында 6 айлық курста «лейтенант» әскери атағын бере отырып, 80 тыңдаушыны даярлау мәселесі пысықталды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі запастағы офицерлер арасынан әскери қызметке кандидаттарды іріктеуді жүзеге асырады. Әскери қызметке шақырылуға 29 жасқа, медициналық қызметі мамандары – 32 жасқа дейінгі запастағы офицерлер жатады. Әскери қызметке шекті жасынан аспаған запастағы офицерлер шақырылады. Медициналық, байланыс және ақпараттық технологиялар, мал дәрігерлері, тыл, техникалық және теңіз мамандары, психологтар, әскери тілшілер, қаржы және заңгер мамандары қажет етеді.Ал, келісімшарт бойынша әскери қызметке 18-34 жас аралығындағы азаматтар шақырылады. Шекарашылар әскери қызмет негізінде шекара бөлімшелерінде өткізу пунктерінде, жағалау күзетінің кемелері мен катерлерінде, сондай-ақ, инженерлік бөлімшелерде қызмет ететін болады.



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат Акима города Талдыкоргана»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР ҰҚК Шекара қызметіне әскери қызметке шақыру туралы баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің кадр бөлімінің бастығы Асқар Талғатов пен кадр бөлімінің консультанты Әсет Базарбеков түсіндірді.Қазіргі уақытта мектеп түлектеріне шекарашы офицері болу үшін ҚР ҰҚК Шекара академиясына, сондай-ақ, Ресей Федерациясы мен Түрік Республикасының әскери оқу орындарына іріктеу жүзеге асырылады. Оқуға түсу үшін қажетті құжаттарды қабылдау, медициналық куәландырудан өту, дене шынықтыру дайындығы деңгейін тексеру, кәсіби жарамдылығын тексеру, арнайы тексеруден өту жүргізіледі. Конкурстық іріктеудің қорытындылары бойынша кандидаттың рейтингі негізінде қабылдау комиссиясының шешімімен жүргізіледі. «Оқу орнын бітірген соң офицерлерге айсайынғы ақшалай төлемақы, қызмет өткеру кезеңінде қызметтік тұрғын-үймен немесе ҚР заңнамасына сәйкес тұрғын-үй төлемдерімен, Біріңғай ұлттық зейнетақы фонды міндетті түрде төлем ақысыз, жыл сайынға ақшамен өтемелі демалыспен, киім-кешек, тегін дәрігерлік қызмет секілді әлеуметтік жағдайлар қарастырылған», - деді Асқар Қайратұлы.Сондай-ақ, офицер атағын алу үшін жоғары білімі бар азаматтық және келісімшарт әскери қызметшілерін ҰҚК Шекара академиясында 6 айлық курста «лейтенант» әскери атағын бере отырып, 80 тыңдаушыны даярлау мәселесі пысықталды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі запастағы офицерлер арасынан әскери қызметке кандидаттарды іріктеуді жүзеге асырады. Әскери қызметке шақырылуға 29 жасқа, медициналық қызметі мамандары – 32 жасқа дейінгі запастағы офицерлер жатады. Әскери қызметке шекті жасынан аспаған запастағы офицерлер шақырылады. Медициналық, байланыс және ақпараттық технологиялар, мал дәрігерлері, тыл, техникалық және теңіз мамандары, психологтар, әскери тілшілер, қаржы және заңгер мамандары қажет етеді.Ал, келісімшарт бойынша әскери қызметке 18-34 жас аралығындағы азаматтар шақырылады. Шекарашылар әскери қызмет негізінде шекара бөлімшелерінде өткізу пунктерінде, жағалау күзетінің кемелері мен катерлерінде, сондай-ақ, инженерлік бөлімшелерде қызмет ететін болады.</p>

Аймақтағы жаңалықтар